Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмоладағы тергеу изоляторында күндізгі стационар палаталары ашылады

Ақмола облыстық ҚАЖД мекемелеріне жергілікті атқарушы билік пен денсаулық сақтау өкілдері барды. Енді облыстағы тергеу изоляторында күндізгі стационар палаталары ашылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Қоңырбаев өңірдің ҚАЖ мекемелеріне жұмыс сапарымен барды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметі азаматтық денсаулық сақтау саласына берілген сәттен бастап, жазаларды орындау жүйесі кейбір күтпеген мәселелерге тап болды. Облыс әкімдігінің және денсаулық сақтау саласының өкілдері №65 мекемеге барғанда қолда бар медициналық жабдықтармен, оның өзектілігімен танысты. Тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша сұрақ пен ұсыныс тыңдалды.

Қонақтар емдеу кабинеттерінде, стационар палаталарында болып, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғына назар аударды. Алтынай Байқадамова ем алып жатқан сотталғандармен, колонияның медициналық қызметкерлерімен әңгімелесті.

– ҚР ҚАЖ саласындағы медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтаудың азаматтық секторымен тең дәрежеде болған жоқ, енді Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беріле отырып, тексеру мен емдеудің заманауи әдістеріне қол жеткізу мүмкіндігі жоғары болады деп ойлаймын, – деп түйіндеді Тоқтар Қоңырбаев.

Жинақталған мәселелерді талқылау нәтижесінде ҚАЖ бөлімшелеріне барудың соңында өңірдің атқарушы билік және денсаулық сақтау өкілдері проблемаларды шешудің алдын ала құқықтық тетіктерін белгіледі.

2024 жылға облыстың ҚАЖ мекемелерінде медициналық жабдықтарды жаңарту жоспарланған. №65 мекеменің тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандар үшін арнайы палаталарды дайындау мәселесі ҚАЖД медициналық қызметі азаматтық денсаулық сақтау саласына берілген сәттен бастап талқыланады. Үш тергеу изоляторын күндізгі стационардың арнайы палаталарына ауыстыру келесі жылдың басында жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру