Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында алғашқы кадет сыныптары ашылды

Алматы облысының Қарасай ауданында алғашқы кадет сыныптары ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай ауданындағы алғашқы кадет сыныптары Қаскелең қаласындағы Белинский орта мектебінде ашылды.

Алғаш рет Алматы облысында кадет сыныптары 2017 жылы ашылған. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың үлгерім деңгейі айтарлықтай өсті. Оң нәтижелер арнайы пәндер бойынша да байқалды. Нәтижесінде өңірде кадет сыныптарының танымалдығы артты. Бұл Алматы облысының басқа аудандарында кадет сыныптарының аналогтарын құру туралы халық тарапынан сұранысқа ие болды.

– Кадет сыныптарының ашылуы әскери-патриоттық тәрбиені арттыруда ерекше рөл атқарады, өйткені ар-намыс, қадір-қасиет және тәртіп сияқты ұғымдар жас полицейлер үшін өмірлік ұстанымға айналады, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Сонымен қатар ІІО қызметкерлеріне қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандардың еске алу құрметіне ескерткіш, және қарақшылық шабуыл жасады деп күдіктіні ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан милиция капитаны Виктор Ивановқа, өңірдің құқықтық тәртіп органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін полиция полковнигі Арыстанбек Кисиковқа арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.

– Тәртіп сақшылары заңдылық пен құқықтық тәртіпті күзетуде, көбінесе қызметтік борышын өтеу кезінде қаза табады. Біз бейбіт тұрғындардың құқықтық тәртібі мен тыныштығын сақтау үшін өмір сыйлаған қазіргі заманның батырларын құрметтейміз және есімізде сақтаймыз, – деп түйіндеді Б. Әленов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру