Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еңбегімен еленген ардагер құрметке бөленді

ҚР ҚАЖК төрағасы мен ІІО және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы еңбек ардагерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбек ардагері, тыл еңбеккері Владимир Красильников 1936 жылдың 7 қарашасында дүниеге келген. Мари АКСР Қазан ауданы Еркін ауылдық кеңесінің Лебедево ауылының тумасы. 1955-1957 жылдары аралығында КСРО Кеңес армиясы қатарында қызмет етті.

1962 жылдың 9 тамызынан 1969 жылдың 30 шілдесіне дейін №51255 әскери бөлімінде бөлімше командирі, кейін Целиноград қалалық милиция бөлімінің аға инспекторы, қылмыстық іздестіру жедел уәкілі, Қарағанды қаласындағы № 16 тергеу изоляторының саяси-тәрбие жұмысы жөніндегі нұсқаушысы, сондай-ақ Қарағанды қалалық № 16 тергеу изоляторында кәмелетке толмағандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі нұсқаушы болып жұмыс істеді.

1969 жылдың шілдесінен 1971 жылдың ақпаны аралығында Қарағанды облыстық атқару комитетінің еңбекпен түзеу колониясы бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Ал 1972 жылдың қазан айынан 1973 жылдың тамызына дейін КСРО ІІМ еңбекпен түзеу колониясы бөлімінің өндірістік бөлімшесінің инженері қызметіне ауыстырылды. 1973 жылдың тамызынан 1974 жылдың қыркүйегіне дейін Целиноград облыстық атқару комитетінің ІІБ ЕТКБ аға инженері лауазымында қызмет етті. Содан 1974 жылдың қыркүйегінен 1987 жылдың мамырына дейін ЕЦ 166/10 мекемесі бастығының еңбекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Құрметті ардагер Красильников ішкі істер органдарында жалпы 30 жылдан астам уақыт адал қызмет етіп, 1987 жылы ЕЦ 166/10 мекемесі бастығының орынбасары лауазымында подполковник шенімен зейнетке шықты.

В.Красильников антқа адал қызметкерлердің бірі болған, экономикалық бөлімнің маманы ретінде өз ісін жетік меңгергендіктен әріптестеріне де сыйлы болды. Қызмет жылдарында өз ісіне жауапты, ұқыпты, тәжірибеге өте бай болды. Сондай-ақ өз білгенін өзінен кейінгі буынға да үйрете алды. Оның қол астында жұмыс жасаған көптеген қызметкер оның мінсіз қызметін жалғастырып келеді. Одан бөлек, ол ЕЦ 166/10 мекемесінің жас мамандарымен білгенімен бөлісіп, ақыл-кеңесін ортаға салды. Бүгінде олар өз ісінің маманы екенін дәлелдеп келеді.

Антқа адал, сертке берік, нағыз батыр ардагер қызмет жолындағы еңбегі әрдайым еленеді, назардан тыс қалған емес. Оған ардагердің осы уақытқа дейін алған марапаттары дәлел: 10, 15 және 20 жыл “ІІМ органдарында мінсіз қызметі үшін” медалі, “В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін” мерейтойлық медалі, “Кеңестік милицияға 50 жыл” медалі, “КСРО еңбек ардагері” медалі, “Қылмыстық-атқару жүйеісінің еңбек сіңірген қызметкері” медалі, “Қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін” медалі, “ІІО-ның құрметті ардагері” медалі, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” медалі, “Қазақстан полициясына 20 жыл” медалі, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл” медалі, “Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаев” естелік медалі, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл” медалі, “Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ардагері” медалімен марапатталған. Сондай-ақ басқа да төсбелгі, Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтардың иегері.

Айта кетейік, еңбек ардагері 7 қарашада 85 жасқа толады. 85 жас мерейтойына байланысты “Қазақстан Республикасының еңбек ардагері” медалімен марапатталды.

Мереке қарсаңында ардагерді Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков, ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков, ҚАЖК Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері және ардагері Ихсан Дүйсембин құттықтап, шаңырағына барып қайтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру