Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті

Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының Полиция департаменті 20 қазанда сағат 09:50 шамасында Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайында хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші «Алматы-Алатау» а/ж бойынша батыс бағытта 4 км жүріп, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасап, рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кеткен.

ЖКО салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қайтыс болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру