Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ауылдасының малын ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті

Алматы облысында ауылдасының малын ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйек күні Алакөл ауданы Полиция бөліміне Ақжар ауылының 38 жастағы тұрғыны хабарласып, түнде үйінің ауласындағы шарбаққа байлап қойған текенің қолды болғаны туралы арызданған. Зардап шегуші келтірілген шығынын 30 мың теңгеге бағалады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2021 жылғы 16 желтоқсанда учаскелік полиция инспекторлары қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген Сарқан ауданы Ақжар ауылының екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер өздері үптеп кеткен текені көліктеріне тиеп, жергілікті базарға сатуға алып барған. Ұсталғандардан жауап алу кезінде олар қылмыстарын бірден мойындап, төрт адам бірлесіп ұрлағандарын айтқан. Осыған орай, келесі күні олардың сыбайластары да құрықталды.

Полицейлер қылмыстық топ өкілдерінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеруде. Қолды болған мал айғақзат ретінде тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Ақ-адал малын аман-есен тауып, оны қайтарған тәртіп сақшыларына мал иесі зор алғысын айтып, қиын да жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

Іс-материалдары толықтырылып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қарау үшін прокуратура органдарына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру