Алматы облысында бірнеше үйге ұрлыққа түскен ұры әшкереленді
Талғар ауданының полицейлері жеке үй иеліктеріндегі жалғыз азаматша жасаған үш ұрлық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 және 13 қыркүйегінде Талғар аудандық полиция бөлімінің полицейлері Панфилов ауылында жеке үй иеліктерінде жасалған бөтеннің мүлікін ұрлаудың үш дерегін тіркеген. Ұрлық пластикалық терезелер, сондай-ақ жертөлелер мен қоймалар арқылы жасалған . Негізінен алтын бұйымдар, ақша және ұялы телефондар ұрланған.
Осы қылмыстарды ашу үшін тәжірибелі жедел уәкілдерден, учаскелік полиция қызметкерлерінен және тергеушілерден арнайы топ құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тергеушілер одан заттай дәлелдемелер тәркіленген 45 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады.
Ұсталған азаматша бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.