Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған адамдарды іздеуде полицейлерге еріктілер көмек көрсетеді

Ақтөбелік полицейлерге жоғалған адамдарды іздестіруде еріктілер көмек көрсетеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында 16-17 қыркүйек аралығында жасырынған қылмыскерлерді іздеудің тиімділігін арттыруға бағытталғанІздестіру” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 18 қылмыскер, оның ішінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан сегіз қылмыскер ұсталды.

Ұсталған сегіз қылмыскердің ішінде Орынбор облысының  – бес, Башқұртстан Республикасының – бір, Дағыстан Республикасының – бір және Ставрополь өлкесінің – бір азаматы полиция қызметкерлерімен іздеуде болған.

Жедел-профилактикалық іс-шаралардың екі күні ішінде облыс аумағында хабар-ошарсыз кеткен жеті адам анықталды, олардың екеуі кәмелетке толмағандар болды.

Биыл Ақтөбе облысы полиция бөліміне туыстарының хабар-ошарсыз жоғалып кету фактілері бойынша азаматтардан 203 өтініш келіп түсті, олардың 81-і кәмелетке толмағандарға қатысты арыздар болып шықты. Барлық кәмелетке толмағандар табылып, ата-аналарына тапсырылды.

ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, кәмелетке толмағандардың үйінен кетуінің негізгі себебі олардың жасөспірім шақтан өтуі.

Тәжірибе көрсеткендей, 14 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер жиі жоғалады. Қазіргі уақытта барлық жоғалған кәмелетке толмағандар іздестірілді. Балалардың хабар-ошарсыз жоғалып кету фактілерінің орын алуы ересектер тарапынан балаларды бақылаудың және тиісті қадағалаудың болмауы болып табылады.

Мысалы, ата-аналар баланы көшеге ойнауға жіберіп, өздері үй шаруасымен айналысады, ал баланы қараусыз қалдырып, кейде кешке дейін баланың қайда жүргенін қадағаламайды. Жоғалу фактісі анықталған кезде бірден  полицияға жүгінбей, өз бетінше іздеумен айналысады.

– Адамдарды іздеуге үлес қосқан еріктілер ұйымына жеке алғысымды білдіргім келеді, сондықтан азаматтардың хабар-ошарсыз кету фактілері бойынша полиция органдарына жүгінген кезде біз, сондай-ақ азаматтардың туыстары бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастырамыз және кейіннен полиция органдарымен өзара тығыз ынтымақтастықта іздестіру іс-шараларына еріктілер ұйымы қатысады, – деді Қанат Нұрмағамбетов.


Тағы бір мысал ретіндеZello поиск” еріктілер тобының  нәтижесін көрсетуге болады. 17 қыркүйек күні сағат 19:20-да Алматы ауданының №3 полиция бөліміне 12 жастағы баланың үйден кетіп, қайтып келмегені туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында оқиға орнына полиция жасақтары (патрульдік полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторлары, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметі) жіберілді, кейіннен оны іздестіруге еріктілер тобы қосылды. Сағат 00-00 шамасында кәмелетке толмаған баланың қайда жүргені анықталып, үйіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру