Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Табылған бала туралы жаңа мәліметтер анықталды

Далада бір тәуліктен астам уақыт жалғыз болған жеті жастағы жамбылдық Ерік Рысбай туралы жаңа мәліметтер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның айтуынша, күндіз мал жайылымынан қайтатын шопан ағасын қарсы алу үшін атқа мінген.

Біршама уақыттан кейін Ерік адасқанын түсінді. Айнала қараңғылана бастаған соң, ол басына жылқының ер-тоқымын жастап, түнді ашық далада өткізіпті. Келесі күні туған ауылы Көшаман ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Көкжелек ауылына барған. Мұнда бала жергілікті тұрғын Ермұрат Спановтан су сұрап ішкен, ол полицияға баланың табылғаны туралы хабарлады.

Баланың денсаулығында қауіп жоқ. Қазіргі уақытта ол отбасының жанында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, баланы іздеуге 400-ден астам адам, оның ішінде ПД бастығы Жанат Сүлейменов бастаған полиция қызметкерлері, әкімдіктің, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, еріктілер, сондай-ақ ТЖД тікұшағы мен АН-2 ұшағы жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру