Алматы облысында биыл балалардың қатысуымен 92 ЖКО тіркелді
Алматы облысында биыл балалардың қатысуымен 92 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полицейлері балалар мен ересектердің жол ережелерін мүлтіксіз сақтауына шақыра отырып, жол қозғалысының кішкентай қатысушыларының қатысуымен “Абайлаңыз, балалар!” акциясын өткізді.
– Жүргізуші болу – жауапкершілікті талап етеді. Жолда абай болыңыз, мас күйде көлік жүргізбеңіз, телефонмен сөйлесуге алаңдамаңыз, балалардың қауіпсіздік белдігін бекітіңіз. Біз мүмкін емес нәрсені сұрамаймыз, тек Сізді жол қауіпсіздігін сақтауға шақырғымыз келеді және сіздің салғырттық танытқан салдарынан біреудің өміріне зияндығы тиуі мүмкін екенін есте ұстағымыз келеді, – деп балалар ересектерге үндеу жасады.
Балалар адамдардың ең осал және қорғалмаған санатынан. Жыл басынан бері Алматы облысында 493 ЖКО болды, оның ішінде 92 – балалардың қатысуымен.
– Ең бастысы: әрдайым және барлық жерде баланың жанында болған кезде жол ережелерін қатаң сақтау. Сіз онымен тротуарда жүрсеңіз де, жолды кесіп өтсеңіз де, көлікпен жүрсеңіз де маңызды емес. Бала орналасқан көлікті басқара отырып, әрқашан қауіпсіздік белдігі бекітілуі, мұқият және сақ болыңыз, рұқсат етілген жылдамдықтан аспаңыз, сондай-ақ негізсіз маневрлерден, әсіресе басып озу үшін қарсы жолаққа шығудан аулақ болыңыз. Өскелең ұрпақтың өмірі мен денсаулығын сақтау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпаңыз, – деп атап өтті облыстық департаменттің баспасөз қызметі.