Абай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді
Абай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау жағдайын тоқтатты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі.
Омбы - Майқапшағай тас жолында жедел ақпарат бойынша полицейлер ВАЗ 21060 автокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшыларымен тінту барысында артқы орындықта ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар екі полимерлі пакет, сондай-ақ өсімдік тектес жасыл түсті ұнтақты заты бар полимерлі пакеті бар сөмке табылып, тәркіленді.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, көлік құралын тінту кезінде алынған есірткі құралдары - 2 келі 006 гр, ал кептірілген марихуана - 23 келі 497 гр.
ВАЗ жүргізушісі Абай облысының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Күдіктінің өзі айтқандай, ол тыйым салынған тауарды Шу қаласынан алып келген.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта есірткі заттарын жеткізу арналарын анықтаудамыз, - деп қорытындылады Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.