Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында браконьерлерден 200 келі балық пен жабайы жануардың еті тәркіленді

Алматы облысында браконьерлерден 200 келі балық пен жабайы жануардың еті, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпанда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, Нұрлы ауылының маңындағы Іле өзеніне жақын жерден үш резеңке қайықты анықтады.

– Тексеру барысында Еңбекшіқазақ ауданының 22 және 42 жас аралығындағы алты тұрғыны заңсыз аң аулаумен және балық аулаумен айналысқаны анықталды. Сондай-ақ екі қозғалтқышы бар үш қайық ,жалпы салмағы шамамен 200 келі болатын балық, жабайы жануардың еті табылып, тәркіленді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Сонымен қатар аталған қайықты тексеру барысында 10 патрон және 12 калибрлі патрон оқ-дәрілері бар тіркелмеген қару кесіндісі, ішінде өсімдік құрамды ерекше иісті полиэтилен пакет және өзен түбінен тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді.

– Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау және балық аулау фактісі бойынша, сондай-ақ атыс қаруы мен есірткі затын заңсыз алып жүру және сақтау бойынша барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп толықтырды Әленов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру