Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны лифтіде темекі шеккені үшін жауапқа тартылды

Павлодар тұрғыны лифтіде темекі шеккені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біз ортақ қоғамда өмір сүріп жатырмыз және тәртіптің негізгі нормаларын ұстанамыз: қоғамдық орындарда қоқысқа тастамау, балағаттамау, қоғамдық орындарды ластамау, белгіленбеген жерлерде темекі шекпеу. Бірақ, оларды бәрі бірдей сақтай бермейді, ал бұл заң бұзушылықтар заңмен жауапкершілікке тартылады. Мысалы, Павлодар қаласында Ак. Шоқин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындарынан полицияға лифтіде темекі шегетін адамға қатысты шаралар қабылдау туралы хабарлама келді, оның әрекеті тұрғындарға қолайсыздық туғызып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін болды.

– Ер адамның жеке басы анықталды, ол Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған жерлерде темекі өнімдерін тұтынғаны үшін құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Алтынбек Медьяров.

Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін облыстың 89 тұрғыны жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру