Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ер адамнан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

Алматы облысында ер адамнан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының Алатау қаласында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, одан тінту кезінде ерекше иісі бар ұнтақ заттың 143 орамы табылды.  

 – Зертханалық зерттеулер қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 156,18 грамм “Alfa-PVP” синтетикалық препараты екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, – деді полиция қызметкерлері.  

 Айта кету керек, 156 грамм тәркіленген заттың жалпы құны 3 миллион 150 мың теңгеге, яғни 314 дозаға тең.  

 Естеріңізге сала кетейік, “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Осы жұмыс қылмыспен тиімді күресуге және өңірдегі қауіпсіздікті жақсартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру