Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да шағын футболдан турнир өтті

СҚО-да қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлерді еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының "Жеңіс" олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерін еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Атап айтқанда, ішкі қызмет подполковнигі Серкелбай Ақпаев, әділет подполковнигі Жангелді Хасенов және ішкі қызмет капитаны Серік Омаровтың құрметіне.

Турнирдің ашылуында департамент бастығы Мұрат Нәкенов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ қатысушыларға ардагерлер, әріптестер және қаза болған қызметкерлердің туыстары алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.

Жарысқа 8 команда қатысты: департамент, ведомстволық бағынысты №48, 50, 51, 52, 66, мекемелері, 6637 әскери бөлімі және ҚАЖ ардагерлерінің құрамалары.

Ашылу салтанатының соңында марқұм Жангелді Хасеновтың ұлы Иманғали Қабдығалым матчта допқа алғашқы символдық соққы жасады.

Жарыс барысында спортшылар жоғары деңгейлі қызықты ойын көрсетті. Футбол қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады. Нәтижесінде №48 мекеменің командасы алтын алып, жеңіске жетті, күміс белгі 6637 әскери бөлімінің командасына бұйырды. №66 мекеме командасының спортшылары қола медальдармен марапатталды.

Футболшылар патриоттық рухтың, қызметтік борышқа адалдықты нығайтудың, ұрпақтар сабақтастығын тәрбиелеудің, бұқаралық спортты дамытудың, жақсы дене шынықтыруды сақтау, спорттық және жауынгерлік шеберлікті арттыру қабілетінің үлгісін көрсетті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша төрешілер алқасының мүшелері әр команданың үздік ойыншыларын атап өтті. Турнир жеңімпаздары дипломдар, медальдар мен кубоктармен марапатталды.

Ішкі қызмет подполковнигі Серкелбай Ақпаев ЕС-164/4 мекеме бастығының орынбасары, ал әділет подполковнигі Жангелді Хасенов ЕС-164/8 мекемесінің бастығы қызметін атқарды. Екеуі де 1994 жылдың 9 тамызында және 2017 жылдың 11 шілдесінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза болды.

Ішкі қызмет капитаны Серік Омаров ЕС-164/4 мекемесінің цех бастығы қызметін атқарды. 1997 жылғы 9 тамыз күні тас карьеріне сотталғандарды шығару кезінде Серік Омаров аса қатыгездікпен өлтірілді. Сотталғандар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дереу ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру