Алматы облысында есірткі заттарын сатқан және сақтаған ер адам ұсталды
Алматы облысының Ескелді ауданында полицейлер есірткі заттарын сатқаны және сақтаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы ПД ЕҚКБ-на Талғар ауданы Жанакуат шағын ауданының 46 жастағы тұрғыны, С. азаматының қылмыстық әрекеті туралы жедел ақпарат келіп түсті, ол Қазақстан Республикасының аумағында есірткі құралдарын сақтауға және өткізуге тыйым салынғанын және заңмен жазаланатынын біле отырып, есірткі құралдарын – гашишты заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жеке тінту кезінде күртешенің қалтасынан салмағы 8,59 грамм гашиш есірткісі деп танылған зат табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, Toyota Camry автокөлігін тінту кезінде полиция қызметкерлері Фокс қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, аталған зат тәркіленді.
Сараптама алынған затты есірткі салмағы 441,23 грамм гашиш деп таныды. Аталған факт ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтау және тасымалдау. Алынған дәлелдердің негізінде халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы аса ауыр қылмыс жасаған С. азаматы күдікті деп танылды, тергеу судьясы оған сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілмейді.