Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында есірткі тұтынған жүргізуші ұсталды

Іле ауданының Жетіген ауылында есірткі тұтынып, көлік жүргізген жүргізушіні полицейлер ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қызмет көрсететін аумақты патрульдеп жүрген полицейлерге "Тойота Марк-2" автокөлік жүргізушісінің көлік құралын басқару кезіндегі іс-әрекеті негізді күдік тудырған. Жүргізушінің 30 жастағы жергілікті тұрғын екендігі анықталды. 2019 жылы шілде айында оның дәл осындай құқық бұзушылық үшін үш жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.


Медициналық сараптама ұсталған жүргізушінің есірткі затын пайдаланғанын көрсетті.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Күдікті мекен жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру