Павлодардың Полиция департаментінде онлайн-конференция өтті
Сот-медициналық сараптама түрлерін жеке салаға тапсыру бойынша Павлодар облыстық Полиция департаментінде онлайн-конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта сот сараптамаларының жекелеген түрлері жеке ортаға, оның ішінде аутсорсинг арқылы беріледі.
Конференцияға сондай-ақ Павлодар филиалының ҚР сот-сараптама орталығы, Павлодар қаласы және Павлодар облысындағы филиалының ҚР сот-сараптама палатасы және жоғары санатты сот-медициналық сарапшы Сандуғаш Акемеева қатысты.
Жұмыстың негізгі мақсаты – бәсекелестік орта қалыптастыру және жеке сот-медициналық сараптама институтын дамыту.
2020 жылдың наурызынан бастап пилоттық жобалар Алматы, Шымкент, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында іске асырылды. Болашақта аймақтардың санын көбейту жоспарланып жатыр. Ертіс өңірінде сот-медициналық сараптаманың кейбір түрлерін (жарақаттану сипаттамасымен сот-медициналық сараптама, медициналық құжаттарды зерттеген сот медициналық сараптама, мәйіттерді сот-медициналық сараптама) жоғары санатты сот медициналық сарапшы Сандуғаш Акимеева жүргізеді.
Конференция барысында қатысушылар бұл жұмыстың мақсатын, аймақта қандай сараптамалар өткізілетінін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.