Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында киберқылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті

Алматы облысында киберқылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында орналасқан "Жайлы" мектебінде киберқылмыстың алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Жиын барысында тұрғындарға кибергигиенаның негізгі қағидалары, интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері, сондай-ақ жақында қабылданған ҚР ҚК-нің 232-1-бабы (Дроп) және ҚР ҚК-нің 115-1-бабы (Сталкинг) туралы түсіндірілді. Бұдан бөлек, ҚР ҚК-нің 273-бабы (Жалған террористік акт туралы хабарлама) бойынша жауапкершілік пен кибербуллингтің зардаптары да кеңінен талқыланды.

Іс-шараға аудан прокуроры, білім бөлімінің басшысы, аурухананың бас дәрігері, Қарасай аудандық полиция бөлімі және Киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының өкілдері қатысты.

Офлайн форматта 300-ге жуық азамат қатысса, Zoom платформасы арқылы 2600-ден астам ата-ана мен мұғалім онлайн қосылып, түсіндірме жұмыстарына қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – балалар мен ата-аналарға интернеттегі қауіптер туралы нақты әрі пайдалы ақпарат беру, сонымен қатар киберқылмыс пен буллингтің алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру