Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттардың ірі партиясын өткізбек болған күдікті анықталды
Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттардың ірі партиясының колонияға кіруінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №14 мекемесіне тыйым салынған заттардың ірі партиясын алып өтпек болған кәсіпкер анықталды. Көлік өткізу пунктінде жеке кәсіпкерлікке тиесілі мекеменің асханасынан биологиялық қалдықтарды шығаруды жүзеге асырған автокөлікке мұқият тексеріс жұмыстары жүргізілді.
ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының және автокөлік құралының шанағының тиімді тексерісінің арқасында эмульсия шелегінде таспамен оралған байлам табылды, сондай-ақ кэш тәріздес жасырылған қос түбі бар штатлевканың шелегі анықталды.
Тінту барысында түрлі маркалы 28 телефон, 20 қуаттағыш құрал, 17 қуаттағыш сым , 11 құлаққап, 3 электронды темекі, Beeline SIM-картасы, 6 шыны 0,5 литрлік коньяк бөтелкесі, 3 шыны 0,5 литрлік виски бөтелкесі, жасыл түсті өсімдік тектес зат және ақ түсті ұнтақ зат табылды және тәркіленді.
– Бұл факт бойынша жедел-тергеу тобы шақырылып, ұсталған жүргізушінің жеке басы анықталды. Ер адамға қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция басқармасына берілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.