Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерекше назардағы аймақ: ұландықтар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр

Ерекше назардағы аймақ. ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары патрульдік-бекеттік қызмет атқаруда және жағалауды нығайту жұмыстарын, сондай-ақ жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде елдегі су тасқыны жағдайы тұрақталды. Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында, сондай-ақ Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан үйлер мен аула аумақтарынан су сору жалғасуда. Күн сайын су басқан аумақтарды аэровизуалды тексеру және құрғатылған аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Ақтөбе облыс Ырғызауданы Кұйылыс және Жайсанбай ауылдарында тұрғызылған бөгеттерді нығайту жұмыстары да жүргізіліп, осы аймақтағы Торғай өзенінің су деңгейін мониторингілеу жалғасып жатыр.

Мәселен, Атырау облысындағы жұмыстарға 5546 әскери бөлімінің (Атырау қ.) 8 техникасы мен 160-қа жуық әскери қызметшісі тартылды. Ұландықтар бөгетті инертті материалдармен нығайтуды жалғастыруда. Полктің тағы 125 әскери қызметшісі 6 техниканың көмегімен қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді. Олар тонау, ұрлық қылмысын болдырмау үшін су басқан аудандарда қызмет атқарады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы іс-шараларға 6637 әскери бөлімінің (Петропавл қ.) және ҚР Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері тартылды. Олар 70-тен астам сарбазбен 4 бірлік техника бөлді. Мұндағы ұландықтар облыс орталығының Подгор ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және Бескөл кентінде АРС көлігінің көмегімен дезинфекция жүргізеді.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 5517 (Орал қ.) және 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімдерінің жеке құрамы патрульдік-бекеттік қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.

Су басқан өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері табиғи апаттың алдын алу және жою үшін 3 мыңнан астам ұландық жұмылдырылды. Олар 1781 адамды эвакуациялады, ұзындығы 150 км-ден астам жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізді, 1,5 миллионнан астам құм толтырылған қапшық дайындады және төседі. Су тасқыны болғанжерлерге 160 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілді және 2700 тоннаға жуық гуманитарлық көмек түсірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру