Алматы облысында күзетшіні тонаған күдікті ұсталды
Алматы облысында күзетшіні тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекшілік кезінде құрылыс компаниясының күзетшісіне шабуыл жасалған. Полицияға шақыру Талдықорған қаласындағы ауруханадан келіп түсті, онда дене жарақаттарын алған ер адам жеткізілген.
Ауруханаға келген тәртіп сақшылары 67 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз қабылдады. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам күзет будкасында оны ұрып-соғып, ұялы телефонын, киімдерін, ақшасы бар әмиянын алып кеткен. Жалпы шығын сомасы 97 500 теңгені құрады.
– Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. Одан әрі оқиға орнында 33 жастағы күдікті азамат ұсталды, бұрын әртүрлі баптар бойынша жауапқа тартылған ШҚО тумасы. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Талдықорған қ. ПБ Шығыс ПБ бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Төлеген.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазір ол қамауда.