Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын 5 млн теңгесінен айырылып қалды

Шымкенттік тұрғын жамбылдық алаяққа алданып, бес миллион теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті ЖШС-ның директоры арызданған. Ол өз арызында ауызша келісім бойынша бидай өнімдерін әкеліп беріп жүрген адам бес миллион теңге қаражатын алып, мекемеге астықты әкелмей, аталған қаражатты иемденіп кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру