Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында мас жүргізуші жолаушы ретінде бұқа тасымалдаған

Алматы облысында мас жүргізуші жолаушы ретінде бұқа тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция жүргізуші куәлігінен айырылған, мас жүргізушінің жеңіл автокөлігіндегі жолаушылар орынынан төрт айлық бұқаны тапты.

Таңертең Алматы-Өскемен автожолының 230 шақырымында Көксу ауданы Балпық би кентінің жанынан № 30 борт патрульдік полиция 2-взводының патрульдік полицейлері масаң күйде болған, Мұқры ауылының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Фольксваген Гольф» автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшыларының таңданысына қарай артқы орындықта жолаушы ретінде бұқа отырған.

– 2019 жылы жүргізушінің үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес СДТБТ-де тіркелді. Күдіктінің ішімдік ішкеннен кейін, көрші ауылда тұратын ағасына төрт айлық бұқаны апаруға шешім қабылдағаны белгілі болды, – деп хабарлайды Көксу АПБ бастығы Рамиль Гимадиев.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Күдіктіге қатысты мекенжайын өтгертпеу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

– Мен барлық жүргізушілерге жүгінемін, ақылды болыңыз, рөлге масаң күйде отырмаңыз, өзіңізді және өзгелерді сақтаңыз. Естеріңізге сала кетейін, көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін басқару құқығынан айырылған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыға қатысты ірі айыппұл немесе басқа бес жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылуы мүмкін, – деп толықтырды Рамиль Гимадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру