Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қорқор шегуге тыйым салу ережелерін бұзған мекемелер анықталды

Жамбылдық полицейлер қорқор шегуге тыйым салу ережелерін бұзған мекемелерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 15 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тексеру барысында 10 кафе мен барда темекі өнімдерін (кальян) қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салудың бұзылу деректері анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша сегіз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар 15 АЕК (41.670 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

– Тексерумен қамтылған барлық ойын-сауық мекемелерінде қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Сондай-ақ, аталған мекемелердің әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы (Есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау) ескертілді, – деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД ЕБҚІҚБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Естеріңізге сала кетсек, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да қоғамдық мекемелерде кальян шегуге тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру