Алматы облысында масаң күйде екінші рет көлік жүргізген жүргізуші қолға түсті
Алматы облысында масаң күйде екінші рет көлік жүргізген жүргізуші қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Масаң күйде көлік жүргізіп, құжатынан айырылса да рөлге қайта отыратындар әлі де кездеседі.
Сондай қылмыстық фактінің бірі сәуір айының 26-сы күні Сарқан қаласында тіркелген.
Сарқан ауданының ПБ ЖПҚ ППТ инспекторы өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде, сағат 20.37 шамасында Фольсваген Пассат автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында тәртіп сақшысы 45 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екенінен сезіп, оны медициналық куәландыруға жеткізген. Оның қорытындысы жүргізушінің орта дәрежелі масаң күйде екенін көрсетті. Сонымен қатар, полицейлер тексеру барысында аталған жүргізушінің наурыз айында көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығын анықтады.
Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарын жолдағы жауапкершілікті күшейтуге шақырады.