Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын әлеуметтік желіге тыйым салынған уағыздарды жүктеді

Шымкентте мониторинг барысында діни сипаттағы тыйым салынған бірнеше уағыздар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында әлеуметтік парақшалардың бірінде тұрғынның діни сипаттағы тыйым салынған бірнеше уағыздары анықталды. Қазіргі таңда олардың барлығы бұғатталды.

Шымкент қаласының Дін істер басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандарының тұжырымдарына сәйкес анықталған діни сипаттағы мәліметтер ҚР “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңының ережелеріне қайшы келеді.
Тексеру барысында анықталған заңға қайшы уағыздар азаматтың әлеуметтік парақшасында қолжетімді ашық түрде болған.

Осы жайт бойынша 2021 жылғы 21 сәуір күні аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Мамандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру