Алматы облысында өз еркімен қару тапсырғандарға сыйақы беріледі
Алматы облысында өз еркімен қару тапсырғандарға сыйақы беріледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қару қолдану қылмысының алдын алу мақсатында Алматы облысының аумағында 25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу акциясы өткізілуде. Өзінде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азамат тұрғылықты жері бойынша кез келген аумақтық полиция органына өтініш жасай алады.
– Азаматтар телефон арқылы жүгінген кезде қару орналасқан жерге барлық қажетті іс-шараларды өткізетін полиция қызметкері жіберіледі. Материалдық өтеу мәселелеріне келетін болсақ, ерікті тапсыру үшін төлемдер сомасы қарудың түріне, оның техникалық жағдайына байланысты және әр бірлік үшін 10 мыңнан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін өзгереді. Мысалы, 100 айлық есептік көрсеткішке дейін азамат автоматты ойық қарудың әрбір тапсырылған бірлігі үшін ала алады. Мұндай соманың жартысы ойық мылтықтар мен карабиндер үшін төленуі мүмкін, – деді Алматы облысы ПД ӘПБ бастығы Нұрлан Ысқақов.
Сонымен қатар, ойықты тапаншалар мен револьверлер үшін 40 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлеу болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі барынша 30 айлық есептік көрсеткішке бағалануы мүмкін. Комиссия төлемдерінің мөлшерін анықтау кезінде қарудың техникалық жай-күйі ескеріледі және тиісті санат беріледі. Заңсыз сақталған қаруды тапсырған азаматтар қылмыстық заңмен қудаланбайды.