Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынынан тіркелмеген үш қаруды тәркіледі

СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынынан тіркелмеген үш қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданында учаскелік полиция инспекторы “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде үй-үйді аралау кезінде тіркелмеген қаруды сақтау фактісін анықтады.

Аудандағы ауылдардың бірінде тұратын 56 жастағы ер адамның қорасынан полицей шағын аңшы арсеналын – 12 калибрлі тегіс ұңғылы ИЖ-18 мылтықтары және 16 калибрлі екі ТОЗ-63 мылтығын, олардың оқ-дәрілерін анықтаған. Қару жиналған күйінде, қолжетімді жерде сақтаулы тұрған. Ауыл тұрғынының сөзіне қарағанда, қауіпті заттар оған туысынан мұра болып қалған. Олар тәркіленіп алынып, сараптамаға жіберілді. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін ер адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

– Қару иесі қайтыс болған жағдайда, оның жақын туыстары қаруды сақтау үшін бірден ішкі істер органдарына тапсыруы қажет екенін еске саламыз. Бір айдың ішінде олар қаруды комиссиялық сатуға қою немесе өз атына ресімдеу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұндай шаралар қаруды тұрақты бақылауды, оның қылмыста пайдаланылмауын қамтамасыз етеді. Қаруды өз еркімен полицияға тапсыру – қылмыстық немесе әкімшілікке тартылмаудың бірден-бір жолы, – дейді СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жалпы жыл басынан СҚО полицейлері облыс тұрғындарынан тіркелмеген қарудың 99 бірлігін тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру