Алматы облысында полицей қаза болған әріптесінің баласының мектеп бітіру кешіне барды
Алматы облысында полицей қаза болған әріптесінің баласының мектеп бітіру кешіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талғар АПБ патрульдік полиция ротасының инспекторы Даурен Жәлімбеков көп жылдар бойы қызмет серіктесі болып қаза тапқан әріптесінің жас түлек ұлының мектепті бітіру кешінде бірге барды.
Мейірлан Дулатұлы биыл Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының Жандосов атындағы орта мектепті бітірді. Әкесі полиция аға сержанты Дулат Жылқайдаров қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алып, ұзаққа созылған аурудың салдарынан қайтыс болған.
– 2008 жылғы желтоқсанда қызмет серіктестер Белбұлақ ауылын патрульдеу кезінде күдікті көлікті байқайды. Жүргізуші қызметкерлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, қашқан. Бір кезде көлік тоқтап қалып, одан үш ер адам түсіп, полициядан жасырынбақ болған. Оларды ұстау кезінде полиция аға сержанты Жылқайдаров іш қуысына бірнеше оқ жарақатын алған, – деп атап өтті облыстық департаментте.
Дулат ұзақ уақыт комада болып, денсаулығына байланысты ішкі істер органдарынан шығарылды. Көптеген операциялардан кейін аға сержанты Жылқайдаров алған жарақатының салдарынан 40 жасында қайтыс болды.
– Қайтыс болған әріптестердің балаларына қолдау көрсету – біздің қасиетті борышымыз. Дулат менің серіктесім ғана емес, туған бауырымдай болды. Бүгін соңғы қоңырауда Мейірланға еріп, тағы бір ұлымды кәмелеттік жасқа шығарып салғандай сезіндім, – деп атап өтті Дәурен Жәлімбеков.
Қазіргі уақытта облыстық департамент басшылығы Мейірланға конкурстан тыс берілетін білім грантын тағайындау мәселесін пысықтауда.