Алматы облысында полицейлер белсенділер мен еріктілерді марапаттады
Алматы облысында полицейлер белсенділер мен еріктілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Алматы облыстық полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров азаматтық ұстанымы белсенді жиырмадан астам еріктілер мен азаматтарды атап өтті.
Талдықорғанда полиция басшылығының халықпен есептік кездесуі барысында хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу, құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу барысында тәртіп сақшыларына елеулі көмек көрсеткен азаматтарды көтермелеу рәсімі өтті.
Алматы облысы ПД бастығының атынан алғыс хаттар талдықорғандық Матвей Швединге, Көксу ауданынан Айдар Жексенбиновке, Ескелді ауданынан Айдын Дүйсенбиновке, Үштөбеден Әсел Юлаеваға, Текелі қаласынан Халида Кусановаға табысталды.
Грамоталар мен алғыс хаттар түріндегі назар аударарлық белгілер, сондай-ақ өңірде жұмыс істейтін волонтерлік қозғалыстардың 20-дан астам өкіліне және облыстың барлық аудандарының белсенділеріне табыс етілді.
– Өңірдегі қылмысқа қарсы күрес пен тұрақтылық – біздің ортақ міндетіміз. Бұл мәселеде белсенді азаматтық ұстанымы бар біздің тұрғындардың рөлі ерекше назар аударуға тұрарлық, – деп атап өтті А.Заппаров.