Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңа үлгідегі нысанды киімде қызметке түсті

СҚО полицейлері жаңа үлгідегі нысанды киімде қызметке түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицияның сыртқы қызметтері жаңа үлгідегі нысанды киімде қызметке түсті. Петропавлдың патрульдік полицейлері және учаскелік полиция инспекторлары жарық шағылыстырғыш элементтерімен матадан тігілген ерекшелік белгілері бар көк нысанды киімде қызмет атқарады.

Жаңа үлгідегі форма полицейлердің күнделікті жұмысында кездесетін әдеттен тыс жағдайларда іс-қимыл жасауына ыңғайлы болуы үшін арнайы әзірленді. Башлығы және жарық шағылыстырғыш элементтері бар ашық түсті кеудешелер тәуліктің қараңғы түскен кезінде өте ыңғайлы. Жаңа үлгідегі нысанды киім-кешек бүгінгі күні Петропавлдың патрульдік полиция инспекторларына және учаскелік полиция инспекторларына, сондай-ақ бірқатар аудандағы бөлініс қызметкерлеріне берілді.


Жаңа нысанды киімді кезең-кезеңмен облыстағы ювеналдық полицейлер де алады.

– Полицейлерге арналған жаңа форма әзірлеу – ішкі істер органдарын жетілдіру бойынша жол картасы тармақтарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында барлық қызмет “сервистік модельге” негізделген. Патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондай-ақ, аталған бөлініс қызметкерлері тәулік бойы кез келген ауа райы жағдайында және далада қызмет атқарады. Оқиға орындарына, жол апаттарына, құқық бұзушылыққа алғашқылардың бірі болып шығады, басқа да шұғыл шақыртуларға қызмет көрсетеді. Жаңа нысанды киім үлгісі жедел-қызметтік тапсырмаларды шұғыл әрі кәсіби орындауға ыңғайлы, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны жыл басынан “ізін суытпай” 30-дан астам қылмыстың бетін ашты. Жол қозғалысы ережелерінің төрт мыңнан астам бұзушылығы анықталып, 30-дан астам мас жүргізуші ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру