Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция жолдарда қайталап құқық бұзушылық жасаушылармен күресті күшейтті

Алматы облысында полиция жолдарда қайталап құқық бұзушылық жасаушылармен күресті күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында жүргізушілер арасында жасырын есірткі тұтынушыларды анықтау жұмыстары жандандырылды. Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы патрульдік полициямен бірлесіп, көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде қайта басқаруды болдырмау үшін шаралар әзірледі.

– Жыл басынан бері 105 куәландыру жүргізілді, ал бұрын анықталған бұзушылардың тізімі күшейтілген бақылау үшін патрульдік полицияға берілді. Бұл жұмыс қайталанған бұзушылықтардың алдын алуға және өңір жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ал “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіруі мүмкін жасырын есірткі тұтынушыларды мониторингтеу және анықтау құралына айналды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ.

Қайталап құқық бұзушылық жасалыну жолдарының алдын алу және жасырын бұзушылар қатаң бақылауда екенін атап өтеміз. Полицейлер азаматтарды қорғау және жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін барлық ведомстволардың күш-жігерін үйлестіруді жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру