Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлеріне семинар-тренинг өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде қызметкерлерге семинар-тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы, Заречный ауылында орналасқан №12 мекемесінде ҚАЖ қызметкерлеріне арналған «Түзеу мекемелерінің мамандарына ақпараттық-түсіндіру» тақырыбында семинар өтіп, оған түзеу мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі қызметкерлері мен жауапты теолог мамандар қатысты. Семинардың мақсаты – ҚАЖ мекемелеріндегі арнайы контингентпен тікелей жұмыс жасайтын мамандардың дін саласында жат ағым ұстанушылардың белгілері, олардың түрлері мен идеологиялары туралы біліктіліктерін арттыру.

Семинарды жүргізген «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларды оңалту орталығы» директорының бірінші орынбасары мен біліктілігі жоғары теолог мамандар ҚАЖ қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Маңызды басқосуда білікті теологтар діни топтардың негізгі және ерекше сипаттары, дәстүрлі емес дінді ұстанушылардың көзқарастары мен мінез-құлқына тән ерекшеліктері жайлы баяндама жасап, талқыланған тақырып жайлы кеңінен түсінік берді.

Семинар соңында Алматы облысының Дін істері басқармасының тапсырысымен арнайы шығарылған әдістемелік құралдар мен дискіге жазылған бейнематериалдар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру