Алматы облысында қоғамдық жұмыстарға 520 сотталған тартылды
Жылдың басынан бастап Алматы облысы бойынша ҚАЖД пробация бөлімдерінде қоғамдық жұмыстарға тартылған 520 сотталған есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 21 пробация қызметі жұмыс істейді. 2021 жылдың басынан бастап қоғамдық жұмыстарға тартылған 520 сотталған есепке алынды. Өткен жылмен салыстырғанда сотталғандардың саны 65-ке кем.
– Қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза түрі негізінен ауырлығы жеңіл немесе орта қылмыстар үшін қолданылады. Алматы облысында сотталғандардың қоғамдық жұмыстарының орындалуын бақылау қарқынды жүргізілуде. Алайда сотталғандардың арасында жұмысты орындаудан жалтарғандар да бар. Осындай тұлғалармен пробация қызметкерлерімен қоғамдық жұмыстарды қамауға алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.