Алматы облысында сауда орталығындағы телефон ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды
Алматы облысында сауда орталығындағы телефон ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 желтоқсанда Қарасай АПБ кезекші бөліміне Іргелі кентінің 29 жастағы тұрғыны 5 желтоқсанда құны 149 мың теңге болатын ұялы телефонының ойын-сауық сауда орталықтарының бірінен ұрлағаны жайында арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.
– Қарасай аудандық ПБ КПБ аға жедел уәкілі Талғат Сатыбалдин ойын-сауық сауда орталығының әкімшілігі ұсынған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, эскалаторға жәбірленушімен бірге мініп, оның бейқамдығын пайдаланып, телефонын қалтасынан ұрлап кеткен күдіктінің белгілерін анықтады. Бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полицей бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған, пробациялық бақылаудағы 29 жастағы күдіктіні анықтады, оны Талғар қаласында жалдамалы пәтерден ұстады, – деп мәлімдеді Қарасай аудандық ПБ бастығы Болат Татыбаев.
Ұсынылған дәлелдерден және оны жәбірленуші танығаннан кейін күдікті қылмыс жасағанын толық мойындады. Сонымен қатар, келтірілген залалды өтеуге уәде берді, себебі оның айтуы бойынша, ол ұрланған телефонды базарда белгісіз адамға сатып жіберген. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың аудан аумағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеретін болады.