Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ақбөкен” іс-шарасының 10 күнінде 124 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды

“Ақбөкен” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсаннан бастап еліміздің аумағында  “Ақбөкен” республикалық жедел алдын алу іс–шарасы өткізілуде.

Оның негізгі мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу.

Киіктерді браконьерлікпен жолмен аулап, басқа да жануарлар түрлерін өткізумен, сатып алумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметінің жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Операцияның 10 күнінде 124 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды.

Полиция және Экология министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен табиғатты қорғау органдарының қызметкерлерінен 203 жедел топ құрылды.

Операция барысында аңшылық шаруашылықтары, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің аумақтары, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тексеріледі.

Операцияның 10 күнінде 124 экологиялық заң бұзушылық анықталды.

Оның ішінде 109-ы – заңсыз аң аулау, 21-і-мүйіздерді заңсыз сатып алу немесе өткізу, киіктердің өнімдерін тасымалдау, жетеуі аңшылық қаруды алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзу.

112 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру