Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының Байсерке ауылындағы жол белгілеріне өзгерістер енгізілді

Алматы облысының Іле ауданы Полиция басқармасының бастығы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы халықтың ұсыныстарын тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қазан күні Іле ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Күштібаев Instagram әлеуметтік желісіндегі Ile_police парақшасында аудан тұрғындарымен  тікелей эфир ұйымдастырған болатын.

Тікелей эфир кезінде аудандық Полиция басқармасының бастығы WhatsApp мессенджері, тікелей эфирдегі жедел желі телефоны арқылы келіп түскен барлық сұрақтарға, сондай-ақ онлайн қосылу кезінде  жолданған сауалдар мен өтініштерге жауап берді.

Қорытындылай келе, ауданның бірнеше елді мекендерінде қосымша рейдтік іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «ЖБИ», Өтеген батыр және Байсерке кенттері арасындағы теміржол өткелінде мақсатты пысықтау жұмыстары жүргізілді.

Ащыбұлақ және Боралдай кенттеріндегі күнделікті жол-көлік кептелістерін жою мақсатында полицияның қосымша жасақтары қойылды.

Азаматтардың өтініші бойынша жолдың аталған учаскесі зерделеніп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзуға итермелейтін Байсерке ауылындағы жол белгілерінің тұтас желісі жойылды. Себебі, жүргізушілерге аталған көшеге жету үшін айтарлықтай қашықтықты еңсеріп, бұрылып, кері қайтуға тура келетін.

Сондай-ақ, тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуға ықпал ететін жағдайлар, отбасылық-тұрмыстық сипаттағы жанжалдарды тудыратын себептер, ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, жекелеген полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығы және басқа да өмірлік мәселелер қызықтырды.

Тікелей эфир қатысушыларының барлық өтініштеріне полиция полковнигі Марат Күштібаев нақты жауаптар қайтарды.

Эфирдің жағымды тұсы аудан тұрғындарының  полиция қызметкерлерінің күрделі және қиын жұмыстарына айтқан алғыстары болды. Атап айтқанда, Байсерке ауылының 25 жастағы тұрғыны полицейлерге бейнеөтініш арқылы көрсеткен орындарда тәртіп орнатқаны және тікелей  эфир арқылы халықпен байланысқа шыққаны үшін алғысын білдірді.

Ал 60 жастағы тұрғын дауыстық хабарлама жіберген, ол хабарламасында полиция бастығы Марат Әлімқұлұлы Күштібаевқа азаматтардың тілектеріне мұқият қарағаны үшін, бір күн ішінде жол қозғалысына ұзақ уақыт кедергі келтірген жол белгілерінің тұтас желісінің алынып тасталғаны үшін ризашылығын жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру