Алматы облысының белсенді жастары бір күнде мыңға жуық граффити жазуды бояды
Алматы облысының белсенді жастары бір күнде мыңға жуық граффити жазуды бояды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның, еріктілердің, кадеттердің, сондай-ақ жастар ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырды.
– Іс-шараға бүкіл аймақтан екі мыңнан астам адамды жиналды. Құқық қорғау органдарымен бірге акцияға 486 ерікті, кадет сыныптарының 124 оқушысы, үкіметтік емес ұйымдардың 147 өкілі, сондай-ақ “Аманат” партиясы жанындағы “Жастар рухы” қоғамдық бірлестігінің 215 белсендісі қатысты. Синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпараты бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша акция бүкіл облыс аумағында бір мезгілде өтті, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров.
Сонымен қатар полицейлер мен жастар қала және ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп, есірткіге қарсы тақырыпта кітапшалар мен парақшалар таратты. Жаман әдеттерден бас тартуға шақырып, аймақта есірткі заттарын тарататындардың құрбаны болмаудың жолдарын түсіндірді.