Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының колониясында тыйым салынған заттар табылды

Алматы облысының колониясында тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЛА-155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары жүргізілді. Іс-шара мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау бойынша мамандандырылған прокуратураның және Ұлттық ұлан, сондай-ақ ҚАЖ Департаменті мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Тінту нәтижелері бойынша төрт ұялы телефон, жеті зарядтау құрылғысы, екі сим-карта, алты ұялы телефон батареясы, бір құлаққап және 18 бірлік тесіп-кесетін заттар табылып, тәркіленді.

- Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - бас бостандығынан айыру орындарындағы заңдылықты нығайту, тыйым салынған заттарды анықтау және тәркілеу, көктемгі кезеңге өту үшін киімдерді тексеру, - деп атап өтті ҚАЖ Департаментінің бастығы Серік Әбдікәрімов.

- Тінту іс-шаралары қолданыстағы заңнама шеңберінде жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша өтеуші адамдар тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ, - деді Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасының прокуроры Азамат Абдулдаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру