Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер 813 жол ережесін бұзу фактісін тіркеді

Атыраулық полицейлер 813 жол ережесін бұзу фактісін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының патрульдік полиция батальонының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын үнемі жіті қадағалайды.

Мәселен, бір аптада тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзған 813 құқықбұзушыны анықтады.

Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сәрсенбаев 135 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, алты жүргізуші мас болған кезде көлік жүргізген, тоғыз жүргізуші үздіксіз екі ақ жолақты кесіп жолдың қарсы бағытына шыққан, тағы 13 автоәуесқой жаяу жүргіншілерге жол бермеген деп мәлімдеді. Бұрын да мас күйде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылған бір жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 346-бабымен қылмыстық іс қозғалды.Сонымен қатар, батальон командирі атап өткендей, ережелерді жүргізушілер ғана бұзбайды. Оған дәлел 134 жаяу жүргіншінің жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп, өз өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін ескермеуінде.

Мысалы, 24 сәуір күні сағат 04:20 шамасында Азаттық даңғылы “Бармаглот” мейрамханасының тұсында, “Mercedes Benz” автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 1994 жылы туған жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалаған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Ал, 24 сәуір күні сағат 22:19 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Абдрахманов көшесі 30 үй тұсынан “Ваз 21043” автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында аталған автокөліктің 1987 жылы туған жүргізушісінің ішімдік ішкен күйде көлік басқарғандығы анықталды. 34 жастағы көлік жүргізушісі бұрын да мас күйде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Сол себептен, аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 346 бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін) қылмыстық іс қозғалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Одан басқа, 24 қараша күні сағат 13:30 шамасында Сатпаев-Ерниязов көше қиылысында “Тойота Камри” маркалы автокөлігі тоқтатылып, оның 1984 жылы туған жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен (Жаяу жүргіншілерге жол бермеу) бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, өткен аптада заң бұзушылыққа жол берген 69 жүргізушінің көлік құралы айыппұл тұрағына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру