Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері із-түссіз жоғалған аудан тұрғынын іздеуде

СҚО полицейлері із-түссіз жоғалған аудан тұрғынын іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығы Смирновоның із-түссіз жоғалған 58 жастағы тұрғыны туралы бағдар жіберді. 26 сәуірде оның жоғалғаны жайлы өтінішімен ер адамның қызы жүгінген. Ол 20 сәуір күні әкесінің “ЗиЛ” автокөлігіне қосалқы бөлшек алу үшін Петропавл қаласына кеткені және сол уақыттан бері оның жүргені жері белгісіз екендігі жайлы айтқан.

Жоғалғанның белгілері: дене бітімі арықша келген, бойы 160-165 см, шашы қара қоңыр, қысқа, шашы мен мұртына ақ кіре бастаған, көзі қоңыр түсті, оң қолындағы білегінде туа біткен дөңгелек пішінді меңі бар. Үйінен кеткен кезде басында фуражка, үстінде ұзын қара куртка, қара шалбар болған. Мойнына кресі бар сары түсті алқа тағып жүрген.

– Аталған факті бойынша жеке құрам мен полицияның кешенді күштері, бейнебақылау инспекторлары бағдарланды, – дейді СҚО ПД КПБ бөлім бастығы Сейілхан Жұмағұлов. — Іздеуге волонтерлер де ат салысты. Із-түссіз жоғалған туралы хабарлама әлеуметтік желілерге орналастырылды. Криминалдық полиция қызметкерлері оның болуы мүмкін жерлерді тексеруде.

Полицейлердің айтуынша, жұмыстың бұл бөлігінде ең бастысы жоғалған жайлы толық апараттың, оның таныстары мен әдеттері жайлы білу маңызды. Мысалға, іздеудегі адамның ішімдікті асыру пайдалануға бейімді болуы, бұл бірден аталған санаттағы адамдарды тартатын көңіл көтеретін және басқа да орындарды назарға алып, іздеуге бағыт береді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, із-түссіз жоғалғанның есте сақтау қабілетінен айырылуы қиындық туғызатын жағдай, оның жүрген жерін анықтау аса қиынға соғады.

Жыл басынан барлығы солтүстікқазақстандық полицияға адамдардың із-түссіз жоғалуымен байланысты 124 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 118 жоғалған кезекші тәулікте ізделді, тағы бесеуін іздеуге уақыт қажет болды, біреуі іздеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру