Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері 476 мектепті тексерді

Алматы облысының полицейлері жаңа оқу жылы басталар алдында 476 мектепті тексерді, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы әкімшілік полиция басқарма бастығының м.а. Еркебұлан Ахметов және жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының м.а. Мұрат Қалиасқаров брифинг барысында айтты.

– Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысының аумағында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне іргелес жатқан жолдар мен жол желілерін тексерді, – деп атап өтті М. Қалиасқаров.

Балалардың жол жарақаттануының алдын алу мақсатында өңірдің қалалары мен елді мекендерінің көше-жол желісінде 556 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды. 128 шаршы метр жасанды бұзушылықтар орнатылды, сондай-ақ 476 мектептің алдындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде 440 шаршы метр жол белгілері жаңартылды.

Сонымен қатар бейнебақылау камераларының, сондай-ақ барлық орта оқу орындарында орнатылған дабыл түймелерінің жұмыс қабілеттілігі тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру