Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері 9 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті

Алматы облысының полицейлері 10 күн ішінде 9 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері 1 маусымнан 10 маусымға дейін өткен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

– «Құқықтық тәртіп»  ЖПІШ өткізудің 10 күнінде заңнаманың бұзылуын анықтау үшін саяжай массивтерін, құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді, шалғай жерлерді аралау жүргізілді. Тәртіп сақшылары барлығы 8 731 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл алкогольді ішу және мас күйінде болу, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық, жалпы пайдалану орындарының ластануы, тыныштықты бұзу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар және басқалар. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 582 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елжан Чупеков.

Сонымен қатар онкүндікте бұрын жасалған 33 қылмыс ашылып, «ізін суытпай» ашылған қылмыстардың деңгейі 63,5% құрады.

– Облыс бойынша есірткі құралдарын сақтағаны үшін сегіз күдікті ұсталды, атыс қаруын алып жүргені үшін жеті адам, ал суық қаруды алып жүргені үшін – 9 адам ұсталды. Іс-шара барысында ҚР ІІО есебінде тұрған 5 467 адам тексерілді. Тұрғылықты жері, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орнына 44 адам қамалды, іздеуде жүрген 13 адам ұсталды, – деп толықтырды Е.Чупеков.

Өңірдің тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін «жазаның бұлтартпастығын» іске асыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру