Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері адам бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді

Алматы облысында адам бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне Балпық би кентінің 28 жастағы тұрғынының бопсалаумен айналысып, жастарды қорқытып, олардан ақша жинайтыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 жастағы зардап шегуші бейтаныс адамның аудан орталығындағы сауда үйлерінің бірінде өзін қылмыстық ортаның “серкесімін” деп қорқытып, зорлық көрсетіп, бір апта ішінде белгілі бір соманы тауып беруді талап еткенін айтқан.

Күдікті жәбір көрсетушіге полицияға жүгінген жағдайда, кез-келген жерде оған қылмыскерлердің маза бермейтінін айтып, өзінің қылмыстық ортада үлкен байланыстары бар екенін түсіндірген.

Ол сол жерде жәбірленушінің телефон нөмірін жазып алған. Бірнеше күннен кейін жәбірленушіге қоңырау шалған екі адам бопсалаушы айтқан қаржыны алып кеткен.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық күдіктілер ұсталды.

Негізгі күдіктінің бұған дейін де екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Ұсталған азаматтардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру