Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторының бастығы азаматтарды онлайн қабылдады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесінің бастығы Алмат Жұманұлы азаматтарды онлайн қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онлайн қабылдауда азаматтардан түскен өтініштердің басым көпшілігі қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзімді кездесулер жайлы, мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтардың  еңбек жалақысы, қамаудан босап шыққаннан кейін жұмысқа орналасуға қатысты сауалдар болды.

Онлайн қабылдауда азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған мекеме бастығы сұрақтарға нақты жауаптар берді.

Тікелей эфирде бір азамат құқық қорғау органдарына жұмысқа кіруге ниет білдірсе, сотталған азаматтың бір туысы мекеменің аспаздарына ризашылығын білдірді.

Мекеме бастығы  Алмат Жұманұлы бөлім басшыларына келіп түскен әрбір өтінішті зерделеп, жан-жақты тексеріп, уақтылы жауап беруді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру