Қостанайда «Ұрлық» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бұрын жасалған 23 ұрлық ашылды
Қостанайлық полицейлер «Ұрлық» жедел-алдын алу шарасы барысында бұрын жасалған 23 ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған іс-шара барысында Қостанай облысында бұрын жасалған 23 ұрлық, оның ішінде өткен жылдардағы 3 қылмыс ашылды.
Мәселен, Қостанай қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында пәтер ұрлықтарымен айналысқан екі адамды ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ Қостанай қаласы, Алтынсарин, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарының аумағындағы дүкендерде сегіз рет ұрлық жасаған үш адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды.
Әулиекөл ауданының ПБ қызметкерлері Қостанай қаласының ПБ Оңтүстік ПБ қызметкерлерімен бірге жеке сектордан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, оның Қостанай қаласы мен Әулиекөл ауданының жеке секторынан жасалған сегіз ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.