Алматы облысының полицейлері бопсалаушылар тобын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қыркүйекте Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға белгісіз тұлғаларға қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Олар зорлық-зомбылық қолдану арқылы Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлікті талап еткен.
Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар ауданының ПБ-да ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерінің қатысуымен Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ақшалай қаражат алу кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары – 20-23 жас аралығындағы бес азаматты ұстады.
Кінәлі тұлғалар ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰО-ға қамауға алынды.
Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысы облыстық департаменттің басшылығымен бақылауға алынды.