Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының прокуратурасы мен полициясы “Жол қозғалысының қауіпсіздігі” жобасын іске қосты

Алматы облысының прокуратурасы мен полициясы “Жол қозғалысының қауіпсіздігі” жобасын іске қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Алматы облысының прокуратурасы мен полиция департаменті “Жол қозғалысының қауіпсіздігі” атты жаңа жобаны іске қосты. Жобаның іске қосылуы жол-көлік оқиғаларының өсуіне тікелей байланысты. Статистика бойынша өткен жылы облыс аумағында 1700-ден астам ЖКО тіркелген, онда 2369 адам зардап шегіп, 300-ден астам адам қаза тапқан, оның 30-ы – балалар.

Облыс прокуроры Берік Адамов іске асырылып жатқан жоба аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі шаралар қабылданатынын атап өтті. Қазірдің өзінде әр ауданда прокуратура, полиция, әкімдік және қоғам белсенділері қатарынан мобильді топтар құрылды, проблемалық учаскелерді жою жөнінде нақты шаралар қабылдау үшін аталған жол бөліктері анықталатын болады.

– Полиция қызметкерлері жолдар мен көше-жол желісіне 1270 тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 1276 ұйғарым шығарылды. Көлік жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 164 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолдардың қауіпті учаскелерінде 29 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Қосымша 120-дан астам осындай кешен орнату жоспарда бар, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Жоба бес бағыт бойынша іске асырылатын болады, бұл – ЖКО себептерін анықтау және жою, рейдтік іс-шаралар жүргізу, жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау, проблемалық учаскелерде аппараттық-бағдарламалық кешендерді орнату, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру. Жобаға облыс тұрғындары да қатыса алады. Ол үшін (Telegram-ға+7-777-012-35-91 жол белгілерінің, жарықтандырудың, бағдаршамдардың болмауы, қардың уақытылы күрелмеуі, сапасыз құрылыс, автожолдарға қызмет көрсету және жөндеу, жолда малдың болуы және басқа да деректер туралы фото және бейне материалдарды жолдау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру