Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні іздестіруде

Алматы облысының полицейлері қарақшылық пен ұрлық деректеріне қатысы бар күдікті азаматты іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2015 жылдың сәуір айында Қарасай АПБ кезекші бөліміне Алматы-Бішкек тас жолында орналасқан ірі сауда орталығының қызметкерлерінен спорттық тауарлар бутигіндегі заттарды қолды қылған ұрыларды ұстамақ болған сәтте олардың көрсетілген бутиктің үш қызметкеріне пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық), 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары аталған қылмысты жасағаны үшін 19 жастағы студентті, яғни қылмыскерлердің бірін ізін суытпай ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.

Екінші қарулы қарақшыны іздеу жұмыстары жалғасуда.

Оларды ұстауға тырысқан үш ер адамға  пышақ жарақатын салған күдікті – Оқанов Дидарбек Әсембекұлы Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында 1995 жылғы 19 наурызда туған. 

Іздестіріліп жатқан адамның тұрғылықты жері туралы қандай-да бір ақпарат білген жағдайда полицияға 8 (7282) 60-82-33, 60-82-32 немесе 8 705-110-55-57 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру