Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері бірнеше ұрлық жасаған қылмыстық топты ұстады

Түркістан облысының полицейлері бірнеше ұрлық жасаған қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арыз түсірген. Оның айтуынша, аудан көшелерінің бірінде орналасқан ойынханасына белгісіз біреу жасырын түрде кіріп, төрт дана ойын құрылғыларын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге жуық.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Осыған байланысты тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-іздестіру тобы құрылып, күдіктіні анықтауға бірден кіріскен. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде төрт азаматтан құралған қылмыстық топ анықталды. Тексеру барысында белгілі болған күдіктілердің бірі жергілікті азамат, қалғандары Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Күдіктілерден жауап алу кезінде бұдан алдын да осындай бап бойынша құқық бұзушылық жасағандары белгілі болды. Сонымен қатар күдіктілер қолды болған заттарды ломбардқа өткізіп, ақшасын бас пайдаларына жұмсаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің атқарған жұмыстарының арқасында айғақты зат ретінде өткізілген заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ қылмыстық іс бойынша күдіктілердің іс-әрекеттері өз дәлелін тауып, айыптау актісімен бірге Келес аудандық прокуратурасына жолданған.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, темір торлармен жабдықтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру